Пойыздарға билет жоқ. Жолға шыға алмай отырған БҚО спортшылары алаңдаулы
Сурет: Zakon.kz
БҚО-да спортшылар пойызға билет болмағандықтан жарысқа уақытылы бара алмай қаламыз ба деп алаңдаулы, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мой город" басылымы мәслихат сессиясында депутат Мереке Ғабдуалиев тағы да пойыз билеттері тапшылығы мәселесін көтергенін жазады. Мысалы, 4 шілдеден бастап Астанада садақ атудан ҚР чемпионаты өтеді. Өңірден аталған жарысқа 42 спортшы қатысуы тиіс. Оның жеңімпаздары Тайваньда өтетін Азия чемпионатына жолдама ала алады.
"Бұл олимпиадалық спорт түрі және осы жарысқа байланысты еліміздің алдағы олимпиадалық құрамасы айқындалады. Біздің облыстың намысын 42 спортшы қорғайды, командамыз мықты. Бірақ мәселе 2 шілдеде пойыздарға билет жоқ. Біз бұл мәселені бұған дейін де көтердік. Тіпті федерация спортшыларымызды Астанаға жеткізу үшін бір қосымша вагон бөлуді де сұрайды. Сонымен қатар, мүгедектерге демалу үшін шипажайларға жолдама берілді. Оның ақысын мемлекет төлейді. Бірақ тағы да пойыздарға билет жоқ. Жолдамалар күйіп кетейін деп тұр". Мереке Ғабдуалиев
Ғабдуалиевтің айтуынша, өткен жылы да бұл мәселе көтеріліп, қосымша пойыз бөлу сұралған. Алайда оның орнына Астана мен Орал арасында жүретін "Тальго" пойызы алынып тасталған.
"Қазақстан темір жолы" сайтында Астана – Шымкент, Астана – Алматы бағыттары бойынша қосымша пойыздар іске қосылатындығы туралы хабарландыру бар. Басқа аймақтарда даму динамикасы бар". Мереке Ғабдуалиев
Депутат Көлік министрлігінің өкілдерін шақырып, осы мәселені шешу бойынша жеке отырыс өткізуді ұсынды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript