Жаңалықтар тізбегі
0

Еліміздің бес өңірінде аптап ыстық сақталады. 30 маусымға арналған ауа райы болжамы

Ауа райы болжамы, 30 маусым, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2024 16:33 Сурет: freepik
"Қазгидромет" РМК Қазақстан аумағы бойынша 2024 жылғы 30 маусымға арналған ауа райының жалпы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

"Республикамыздың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: жаңбыр жауады, Қазақстанның солтүстік-батысында нөсер жаңбыр жауады. Еліміздің оңтүстігі мен батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республикамыз бойынша ортақ табиғи құбылыс - найзағай, бұршақ, дауыл, желдің екпін алуы. Оңтүстік өңірде шаңды дауыл соғады деп күтіледі". "Қазгидромет" РМК

Күндіз Абай, Жетісу, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында аптап ыстық сақталады.

Қарағанды, Павлодар, Абай, Жетісу облыстарында, Ұлытау өңірінің солтүстігінде, шығысында, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, ШҚО-ның оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында өрт қаупі жоғары болады.

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Ұлытау облыстарында, Маңғыстау өңірінің солтүстігінде, Қостанай өңірінің оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, батысында, Абай өңірінің оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының батысы мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: