Астанада ҰБТ тапсыру күндері кейінге шегерілді
Сурет: Ұлттық тестілеу орталығы
Астанада кейбір абитуриенттер үшін алдын ала белгіленген Ұлттық бірыңғай тестілеудің уақыты кейінге ауыстырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық тестілеу орталығы 2024 жылғы 2, 3, 4 шілде күндері Астана қаласында Т.Жүргенов көшесі ,18/2 және Қайым Мұхамедханов көшесі ,37А мекенжайларында ҰБТ тапсырушыларға ескерту жасап, хабарлама таратты.
"Астана қаласында 2, 3 және 4 шілдеге жоспарланған ҰБТ өткізу күнін ауыстыру туралы хабарлаймыз. Техникалық жұмыстарға байланысты ҰБТ келесі күндерге ауыстырылады: 2 шілдеге жоспарланған тестілеу енді 8 шілдеде; 3 шілдедегісі 9 шілдеде; 4 шілдедегісі 10 шілдеде өтеді. Туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", делінген хабарламада.
Тестілеудің жаңа күні туралы ақпаратты app.testcenter.kz сайтындағы тестіленушінің жеке кабинеті арқылы кіріп, білуге болатыны да нақтыланады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript