ҰБТ-да 140 балл алған түлекті Ғылым министрі құттықтады

Құттықтау, ҰБТ, 140 балл, Жаннұр Еңсебек, Саясат Нұрбек, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2024 14:40 Сурет: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҰБТ-дан 140 балл жинаған Жаннұр Еңсебекті құттықтап, ата-анасына алғыс білдірді. Сондай-ақ министр өз сөзінде түлекті дайындаған ұстаздардың рөліне де тоқталып өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жаннұрдың ҰБТ-да жоғары көрсеткіш көрсетуі – бұл еңбекқорлықтың, шыдамдылық пен ынтаның нәтижесі. Бұл ретте ата-ананың қолдауы, қамқорлығы мен балаға деген сенімін де айта кету керек. Сондай-ақ мұғалімдердің де кәсібиліктері мен жұмыстарына деген адалдықтарының арқасы. Бұл қуанышты сәт өміріңіздегі жаңа жетістіктер мен жеңістердің бастамасы болсын!", - деді Саясат Нұрбек өз сөзінде.


11 жыл үздік оқыған түлек – "Алтын белгіге" үміткер. Ол ҰБТ-ны "Математика-Информатика" комбинациясы бойынша Алматы облысының Есік қаласында тапсырған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: