Щучинск енді Щучучинск емес - жол бойындағы баннерде қате кеткен қала атауы түзетілді

Щучинск енді Щучучинск емес - жол бойындағы баннерде қате кеткен қала атауы түзетілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2024 12:50 Сурет: "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметі
Жол бойындағы баннерде қате жазылған "Щучинск" қаласының ағылшын тіліндегі атауы түзетілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Қазавтожол" әзіл-қалжыңмен хабарлады.

"Қатені өзгерттік: Енді Щучинск! Кеше әлеуметтік желіде Астана-Бурабай бағытындағы баннерде Щучинск қаласының ағылшын тіліндегі атауында сәл қате кеткен ғой. Соны біз бірден өзгертіп, қайтадан дұрыстап жазып қойдық. Анда-санда осылай бір қателердің кетіп қалатыны баааррр енді. Осындай хабар берген біздің оқырмандарға алғыс білдіреміз! Жұмыс апталарыңыз күшті өтсін!",- делінген компанияның Telegram-арнасындағы хабарламасында. 

Бұған дейін Ақмола облысының Щучинск қаласының тұрғыны Яна Андреева осы жол белгісіне назар аударып, онда қала атауының қате жазылғанын айтқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: