Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы полициясы жаңадан құралған бірыңғай ақпараттық бейнебақылау платформасы туралы айтты

Алматылық полиция департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Ұлттық бейнебақылау жүйесін енгізуге дайындық жұмыстарын бастады., сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2024 13:38 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматылық полиция департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Ұлттық бейнебақылау жүйесін енгізуге дайындық жұмыстарын бастады.

Бүгінгі таңда, қалалық бейнебақылау жүйесін нақты уақыт режимінде басқаруға, болып жатқан оқиғаларға жедел ден қоюға, сондай-ақ заманауи алгоритмдер мен нейрондық желілерді қолдану арқылы адамды тану функцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бірыңғай ақпараттық бейнебақылау платформасы құрылды.

Жүйе қалалық полиция департаменті ЖБО-мен біріктірілген, рұқсатсыз кіруден қорғалған және ақпараттық қауіпсіздіктің жоғары талаптарына жауап береді.

Қызметтік аналитиканы пайдалану – жасанды интеллект арқылы қауіпсіздіктің жаңа стандарты және ұлттық бейнебақылау жүйесін құру жолындағы маңызды қадам. Бұл жүйе іздеуде жүрген адамдардың ғана емес, көліктердің де қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, көлік қозғалысын бақылайды, автотұрақ ережелерін бұзуды анықтайды және қорғалатын аумаққа рұқсатсыз кіру деректерін тіркейді.

Айрықша ерекшелігі – ең қиын жағдайларда жеке адамдарды анықтау мүмкіндігі жоғары. Адамның негізгі белгілерін (жынысы, жасы), сондай-ақ әртүрлі аксессуарлардың (көзілдірік, сақал, маска) болуын анықтау арқылы, деректер іздеудегі адамдардың тізімдерімен салыстырылады, бұл іздеу әрекеттерін жылдам ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Мысалы, 2024 жылдың наурыз айында адамды тану жүйесі ұрлық жасады деген күдікке ілінген А.есімді азаматты тіркеген, ол қаланың орталық аудандарының бірінде жасырынғысы келді. Жүйенің жедел жұмысы мен мобильді патрульдердің арқасында күдікті оқиға болған сәттен бастап 15 минут ішінде ұсталды. 2023 жылы күзет және өрт дабылдарын жаңғырту жобасы аясында қалалық білім беру нысандарында 21 мыңнан астам бейнекамера ауыстырылды, дабыл түймелері мен турникет орнатылды.

Бұл құрылғылардың барлығы бірыңғай бейнебақылау жүйесімен біріктірілген. Бұл балалардың білім беру ұйымдарында болған кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Осы жылы адам көп жиналатын орындарда орнатылған бет-әлпетті тану жүйесінің көмегімен 9 қылмыскер анықталды және ұсталды: 7 дерек – тонау және бөтеннің мүлкін ұрлау, 1 дерек – көлік ұрлау, тағы бір адам алаяқтық жасағаны үшін қолға түсті.

Полиция департаментінің 160-қа жуық қызметкері осы жүйемен тікелей жұмыс орындарында жұмыс істеуге мүмкіндік алды.

Сонымен қатар жедел уәкілдер, учаскелік полиция инспекторлары және патрульдік жасақтар мобильді планшеттердегі бейнекамераларды онлайн қарауға және талдауға қол жеткізе алады.

Сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің, Алматы қаласын дамыту орталығының түрлі қызметтеріне, қалалық прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлеріне платформаны пайдалануға қолжетімділік қамтамасыз етілді, бұл әртүрлі оқиғаларға тиімді жауап беруге мүмкіндік берді.

Бұл жоба инновациялық технологиялардың қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі көзқарасты өзгерте алатынын, қауіпсіз өмір сүруге негіз бола алатынын дәлелдеді.

Осы жылдың соңына дейін бұл жүйеге 10 мыңға жуық қалалық бейнекамера қосу жоспарда бар, бұл жалпы саны шамамен 50 мың бейнекамераны құрайды, олар ПД ЖБО және аудандық полиция басқармаларының кезекшілік бөлімдеріне шығарылады. 6 мың бейнекамераға бейне талдау функцияларын іске қосу жоспарланып отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: