Астанада 15 автобустың жүріс бағыты үш күнге өзгерді

Автобус, жүріс бағыты, Астана, ШЫҰ, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2024 22:57 Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
1 шілдеде "City Transportation Systems" ЖШС Астанада 15 маршруттың қозғалыс схемасы өзгергенін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2, 3 және 4 шілдеде № 3, 4, 4А, 14, 19, 40, 21, 29, 29А, 32, 43, 50, 66, 84, 202 бағдарлардың сызбасы уақытша өзгеретіні нақтыланады.

"Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті күндері қоғамдық көліктер әдеттегідей жұмыс істейді. Жұмыс уақыты 06:00-ден 23:30-ға дейін", делінген хабарламада.

Сондай-ақ жолаушылар көлігінің қозғалысын шектеу шаралары "Тәуелсіздік сарайы" алаңының Тәуелсіздік даңғылында – Ж.Нәжімеденов – А.Байтұрсынов – Қ.Аманжолов көшелерінде жүргізілетіні де нақтыланады.

Бұған дейін Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб Астана, Алматы, Қарағанды және Көкшетау қалаларының тұрғындарын алда өткізілетін шарадан құлақтандырып, аталған қалаларда террористік қауіптіліктің бірқалыпты ("сары") деңгейі белгіленетінін хабарлаған болатын. Сондай-ақ 2-4 шілде аралығында Астанадағы бірқатар орталық көшелер бойында автокөліктерді қоюға тыйым салынады. Астанада 3-4 шілдеде ШЫҰ саммитін өткізуге байланысты бірқатар көшелер жабылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: