Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда патрульдік полиция қызметкерлері тұрғынның өмірін сақтап қалды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2024 12:12 Сурет: pixabay
Алматыда патрульдік полиция қызметкерлері ер адамды ажалдан құтқарып қалды.

"102" пультіне Рысқұлов даңғылы бойындағы хостелдердің бірінде, 4-қабаттың терезесінде ер адамның өз-өзіне қол жұмсамақ болып отырғаны туралы хабарлама келіп түсті.

"Оқиға орнына "Буран-175" және "Буран-170" патрульдік экипажы жедел жетті. ППП қызметкерлері мән-жайды зерделеп, терезедегі ер адаммен әңгіме-дүкен құрып, оның көңілін басқа жаққа аудара бастады. Осы уақытта инспекторлардың бірі қолайлы сәтті күтіп, ер адамды мойнынан ұстап, бірлесе отырып бөлмеге сүйреп кіргізді. Күдіктінің мас болғаны белгілі болды. Ол отбасылық мәселелеріне байланысты шарасыз әрекетке баруды ұйғарғанын айтты", – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Дәрігерлер зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Кейін мән-жайдың анық-қанығына жету үшін Жетісу аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің объективті себептері анықталып жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: