Жұмыс іздеп жүрген қазақстандықтарға қалай тіркелуге болады
Атап айтқанда, жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансаптық орталықтар көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларына бірнеше қосымшалар жаңа редакцияда баяндалған.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері:
- тікелей орталықта;
- eGov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы;
- enbek.kz порталды ақпараттандыру объектісі арқылы.
Мемлекеттік қызмет бір күн ішінде тегін көрсетіледі. Содан кейін жұмыс іздеуші ретінде тіркелу туралы хабарлама немесе бас тарту туралы дәлелді жауап келеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:
- өтініш;
- көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
- еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса);
- білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат (бар болса).
Жеке басты куәландырғаннан және "Еңбек нарығы" ААЖ-ға деректерді енгізгеннен кейін құжаттар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Egov.kz порталында мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алған күнін көрсете отырып, өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Бұйрық 2024 жылғы 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.