Жұмыспен қамту саласында цифрлық күту парағын енгізу жоспарланып отыр
Фото: gov.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мансап орталықтары көрсететін жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздарды тіркеу және еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларына түзетулер әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, цифрлық күту парағын енгізу ұсынылып отыр.
"Негізгі өзгерістер қателер, дәлсіздіктер немесе құжаттар топтамасының толық болмауы анықталған жағдайда берілген өтінішті сақтауға және қызмет алушыға анықталған кемшіліктерді түзетуге мүмкіндік беретін цифрлық күту парағының тетігін енгізу арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін жетілдіруге бағытталған", – делінген құжатта.
Кемшіліктерді түзету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету уақытша тоқтатылады. Олар жойылғаннан кейін қызмет көрсету қайта жалғасады.
Еңбек министрлігінің пікірінше, өзгерістер мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін жетілдіруге және заңнаманың біркелкі қолданылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Құжат 25 қыркүйекке дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.
Бұған дейін Қазақстанда жұмыссыздық бойынша төлем тағайындау тәртібінің өзгеретіні хабарланған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript