Тоқаев пен Си Цзиньпин кешкі ас ішті

Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2024 20:32 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин кешкі ас ішті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен елімізге мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин кешкі ас форматында достық рәуіште кездесу өткізді.

Сурет: akorda.kz

Еске салайық, бүгін, 2 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген ҚХР төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында қарсы алды.

Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін әуежайда Құрмет қарауылы ротасы сап түзеп тұрды. Сондай-ақ Қазақстан мен Қытай халықтарының шынайы достығының белгісі ретінде балалар екі елдің жалауын желбіретіп, қошемет көрсетті. Балалар Төраға Си Цзиньпин бастаған ҚХР делегациясына ілтипат білдіріп, қытай тілінде ән шырқады.

Сапар аясында жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: