Шавкат Мирзиёев ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді

Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Қазақстан астанасына келген Өзбекстан Республикасының Президентін әуежайда Премьер-Министр Олжас Бектенов қарсы алды., сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2024 16:15 Сурет: primeminister.kz
Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Қазақстан астанасына келген Өзбекстан Республикасының Президентін әуежайда Премьер-Министр Олжас Бектенов қарсы алды.

Өзбекстан – 2001 жылы ұйым құрылғаннан бері ШЫҰ-ға қатысушы елдің бірі.

Бүгінгі таңда Өзбекстан – Қазақстанның ірі сауда серіктестерінің бірі. Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі шамамен $4,5 млрд құрады.

Бұл ретте биылғы 4 айда өзара сауда $1,2 млрд-қа жетті.

Біздің республикамыздың Орталық Азиядағы барлық тауар айналымының шамамен 57%-ы Өзбекстанмен байланысты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: