Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Астанаға келді

Садыр Жапаров 3-4 шілде аралығында өтетін ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келді. , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2024 16:55 Сурет: primeminister.kz
Садыр Жапаров 3-4 шілде аралығында өтетін ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келді.

Елорда әуежайында Қырғызстан Президентін ҚР Үкіметінің басшысы Олжас Бектенов қарсы алды.

Қазақстан мен Қырғызстан берік одақтас ретінде екіжақты өзара қарым-қатынас орнатып, елдер арасында оларды тереңдету және кеңейту туралы тиісті шартқа қол қойылған.

Өзара тауар айналымы тұрақты өсім көрсетіп келеді. 2019-2023 жылдар аралығында бұл көрсеткіш 67,3%-ға артып, $1 572 млн-ға жетті.

 ШЫҰ саммиті аясында Орталық Азия бойынша, оның ішінде энергетика, қауіпсіздік және басқа да салалардағы әлемдік ынтымақтастық мәселелері қозғалады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: