Астанаға келген мемлекеттер басшылары бірге кешкі ас ішіп, концерт тамашалады
Сурет: akorda.kz
ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келген мемлекеттер басшылары мен халықаралық ұйымдар жетекшілері кешкі ас форматындағы концерттік бағдарламаны тамашалады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент орталығында өткен бейресми жиын барысында мәртебелі меймандарға қазақ халқының бай музыкалық мұрасы мен мәдениеті таныстырылып, "Достық жолы" хореографиялық композициясы ұсынылды.
Қойылымға Ұлы Жібек жолы бойындағы халықтардың мәдениеттері арқау болған. Концерттік бағдарлама аясында ШЫҰ-ға мүше елдер халықтарының әндері мен билері орындалды.
Бұдан бөлек, саммит қатысушылары мен елорда қонақтарының құрметіне отшашу ұйымдастырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript