ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер басшылары форумы аясындағы көрмені тамашалады
Сурет: akorda.kz
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер басшылары Еуразия экономикалық форумы аясындағы көрмені тамашалады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Форумда Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан президенттері мен делегация жетекшілерінің назарына озық технологиялық және цифрлық шешімдер көрмесі, сондай-ақ Халықаралық Alem.ai жасанды интеллект орталығының мүмкіндіктері ұсынылды.
Мәртебелі меймандар жасанды интеллект музейінің жәдігерлерімен және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің стендтерімен танысты.
Қазақстан тарапы цифрландыру мен жасанды интеллект саласындағы негізгі бастамаларын, соның ішінде Astana Smart City, Alem GPT, Smart Data Finance, Smart Cargo+Keden және басқа да жобаларын көрсетті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript