Президент ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында айтқан сөзі
Президент:
"Ең алдымен, Шанхай ынтымақтастық ұйымына Үндістан Республикасының табысты төрағалық еткені үшін Премьер-министр Нарендра Моди мырзаға алғыс айтамын. Сіздің еліңіз ұйымымызды дәйекті дамытуға және оның халықаралық беделін арттыруға елеулі үлес қосты.
Бүгінгі саммит ашықтық, өзара сенім мен тең құқықтық принциптеріне негізделген жаһандық көпжақты диалогқа тың серпін береді. ШЫҰ қарқынды түрде кеңейіп келеді. Бұл ұйымның рөлі артып келе жатқанын және көпжақты өзара тиімді ынтымақтастығымыздың нығая түскенін білдіреді. Осы ретте әріптесіміз Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раисиді ШЫҰ-ға толыққанды мүше мемлекет мәртебесін иеленуімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Беларусь Республикасының да біздің Ұйымға мүше атану процесі аяқталуға жақын.
Осы жағдайды пайдалана отырып, әріптесіміз Президент Александр Григорьевич Лукашенконы кеше өткен Беларусьтің Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Бауырлас белорусь халқына амандық, бақ-береке тілеймін. Бірнеше күннен кейін Өзбекстан Республикасында президент сайлауы өтеді. Құрметті Президент Шавкат Миромонович Мирзиёевке осы маңызды шараны табысты өткізуге тілектестік білдіремін".
"Шанхай ынтымақтастық ұйымының халықаралық беделі жоғары. Бүгінде табысты әрі көпжақты ұйымға айналды.
Жер шары халқының шамамен жартысын қамтитын ШЫҰ – күн тәртібінде ауқымды мәселелерді қарастыратын бірегей еуразиялық ұйым. Әлемдік ЖІӨ-нің төрттен бірі, дүниежүзілік сауданың 15 пайызы біздің мемлекеттеріміздің үлесіне тиесілі".
"Саяси ықпалы зор, экономикалық мүмкіндігі мол және орасан зор адам ресурсына ие ШЫҰ орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге және адамзаттың заманауи сын-қатерлерін еңсеруге елеулі қоса алатынына сенімдімін.
Жаһандық тәртіпті түбегейлі трансформациялау жағдайында бұрын-соңды болмаған геосаяси шиеленістің, сауда және санкциялық соғыстардың, сондай-ақ басқа да заманауи сын-қатерлердің күшейе түскеніне куә болып отырмыз.
Халықаралық құқық негіздері мен оның маңызды қағидатының, яғни теңдей, бірлескен, бөлінбейтін, кешенді және тұрақты қауіпсіздіктің бұзылуы қалыпты жағдайға айналды"
Қасым-Жомарт Тоқаев:
"БІРІНШІ. ШЫҰ кеңістігінде қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету.
Ұйымды құру кезінде біз 21 ғасырда туындайтын мәселелерді шешу жолдарын бірлесіп іздеуге келістік. Қазіргі кезеңде Шығыс пен Батыс арасындағы геосаяси алауыздықты болдырмау біздің елдеріміздің басты міндеті болуы керек. Шанхай ынтымақтастық ұйымы әлемдік қоғамдастыққа тұрақты әлем туралы өз көзқарасын ұсына алады және ұсына алады.
Сондықтан Қазақстан өз төрағалығы аясында "Әділ бейбітшілік пен келісім үшін әлемдік бірлік туралы" бастамасын ұсынбақ. Бұл кешенді құжатта сенім шараларын құру, тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау қағидаттары белгіленеді. Бұл бастаманы бірлесіп ілгерілету біздің ортақ мүддемізге сай келетініне сенімдімін".
"Сонымен қатар біздің төрағалығымыз кезінде "үш зұлым күшке", трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, заңсыз есірткі айналымына және киберқылмысқа қарсы күреске баса мән беріледі. Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2025-2027 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасын жаңартуға күш салуымыз керек.
Бұдан бөлек, Қазақстан ШЫҰ-ның 2024-2029 жылдарға арналған есірткіге қарсы стратегиясы мен оны жүзеге асыру жөніндегі Іс-қимыл бағдарламасын қабылдауды ұсынады. Бұл шаралардың бәрі тұрақтылыққа және ШЫҰ кеңістігіндегі қауіпсіздікті жүйелі түрде күшейтуге септігін тигізеді. Ауғанстандағы дағдарысты еңсеруге арнайы назар аударған жөн болар еді. БҰҰ-ның үйлестіруімен ауған халқына көрсетілетін көмекті жалғастыру маңызды.
Сондықтан Алматы қаласында Орталық Азия мен Ауғанстан үшін тұрақты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның аумақтық орталығын ашу жөніндегі біздің бастамамызға тағы да тиісті деңгейде назар аударуды ұсынамыз. Осы аса қажетті құрылымға сіздер қолдау көрсетеді деп сенемін. АӨСШК-ті толыққанды халықаралық ұйымға айналдыру процесін бастауға қолдау көрсеткені үшін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерге арнайы ризашылығымды білдіремін"
"Біздің президенттік қызметіміздің назары "зұлымдықтың үш күшімен", трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен, есірткінің заңсыз айналымымен және киберқылмыспен күресу болады. Біз күш-жігерімізді терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес жөніндегі 2025-2027 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасын жаңартуға жұмылдыруымыз керек.
Сондай-ақ Қазақстан ШЫҰ-ның 2024-2029 жылдарға арналған есірткіге қарсы стратегиясын және оны жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл бағдарламасын қабылдауды ұсынып отыр. Осы шаралардың барлығы ШЫҰ кеңістігінде тұрақты тұрақтылық пен қауіпсіздікті жүйелі түрде нығайтуға ықпал етеді. Ауғанстандағы дағдарысты еңсеруге ерекше назар аудару керек. БҰҰ қамқорлығымен және үйлестіруші рөлімен ауған халқына көмек көрсетуді жалғастыру маңызды.
Сондықтан біз Алматыда БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанның орнықты даму мақсаттарының өңірлік орталығын құру жөніндегі бастамамызға тағы да тиісті назар аударуды ұсынамыз. Мен осы жоғары сұранысқа ие құрылымды қолдауға сенемін. Сонымен қатар, АӨСШК-ті толыққанды халықаралық ұйымға айналдыру үдерісін бастауға қолдау көрсеткені үшін ШЫҰ мемлекеттеріне алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер".
Мемлекет басшысы:
"ЕКІНШІ. Сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту.
Географиялық тұрғыда мемлекеттердің байланысы, көлік-транзит әлеуеті, нарықтың ауқымдылығы мен экономикалардың бірін-бірі толықтыруы ШЫҰ-ның басымдығы саналады. Осыған қарамастан, ШЫҰ аясында 20 жылдан астам уақыттан бері бірде-бір ірі экономикалық жобаны жүзеге асыру мүмкін болмады. Жобаны қаржылық қолдау механизмдерінің болмауы – мұның айқын факторы.
Осыған байланысты Үкіметтер басшыларының кеңесіне бірлескен Инвестициялық қор құру мүмкіндігін қарастыруды тапсыруды және осы маңызды жоба бойынша ұсыныстар айтуды ұсынамын. Әлемдегі қаржы институттарының үздік тәжірибелерін меңгерген "Астана" халықаралық қаржы орталығы ШЫҰ-ның аймақтық жобаларына тікелей және портфельді инвестиция құюды ынталандыру үшін тиімді платформа бола алады"
"Экономикалық кооперация көбіне көлік-транзит әлеуетін тиімді пайдалануға байланысты. Жүк жеткізудің дәстүрлі тізбегінің үзілуіне байланысты заманауи көлік инфрақұрылымын құрудың және жаңа бәсекелі бағыттар ашудың стратегиялық маңызы арта түсті.
"Бір белдеу, бір жол" мега жобасы мен Транскаспий халықаралық көлік бағдарын жүзеге асыруға бірлесе күш салу арқылы біз "Солтүстік – Оңтүстік" және "Шығыс – Батыс" дәліздерінің мүмкіндігін ашудың барлық алғышартын қалыптастырамыз.
Іс жүзіндегі шара ретінде Ірі стратегиялық порттар мен логистикалық орталықтардың серіктестік желісін құруды ұсынамыз. Аталған механизмнің нақты модальдылығын елдеріміздің үкіметтері қарастыра алады. Бұл іске көлік және темір жол әкімшіліктерінің басшыларын қатыстыру қажет"
Президент:
"ҮШІНШІ. Энергетикалық ынтымақтастықты нығайту.
Бүгінде бұл бағыттағы өзара жүйелі іс-әрекеттерді жолға қоюдың өзектілігі артып келеді. Бізге энергетикалық тепе-теңдікті қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіру қажет. Сондай-ақ энергетиканың жаңа түрлеріне көшуге, экономика мен өнеркәсіпті көміртегінен арылтуға бағытталған келісімді іс-әрекеттер керек. Осыған байланысты келесі Астана саммитіне дейін ШЫҰ-ның Энергетикалық стратегиясын келісуді ұсынамын. Бұл құжаттың қабылдануы орнықты даму саласындағы БҰҰ Күн тәртібінің мақсаттарын жүзеге асыруға ықпал етеді.
Біз аталған мәселенің аса маңызды екенін ескере отырып, Қазақстанда ШЫҰ-ның Энергетикалық форумын өткізуге дайынбыз. Бұл саладағы ынтымақтастықтың перспективаларын жан-жақты талқылау елдеріміздің энергетикалық қауіпсіздігі мен теңгерімді дамуын қамтамасыз ету үшін бірлескен әдістер әзірлеуге мүмкіндік береді"
Мемлекет басшысы:
"ТӨРТІНШІ. Цифрлық саладағы ынтымақтастықты кеңейту.
Әртүрлі елдер мен әлеуметтік топтар арасындағы "цифрлық алшақтық" өзекті проблемаға айналып отыр. Сондықтан цифрлық теңсіздікті жоспарлы түрде азайту біздің ұйым қызметінде нақты басымдыққа айналуға тиіс.
Үндістан ШЫҰ-ға төрағалық еткен кезеңде бұл бағыттағы ынтымақтастықты дамыту үшін ауқымды жұмыс атқарды. Енді осы стратегиялық маңызды саладағы үздік тәжірибелерді алмасу ісін одан әрі жалғастырып, жолға қойылған байланыстарды сақтау және нығайту маңызды.
Былтыр Қазақстан БҰҰ-ның электронды үкіметті дамыту индексі бойынша 28-орынды иеленді. Бұл – ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы ең жоғары көрсеткіш"
Президент:
"БЕСІНШІ. Экология саласындағы өзара байланыстарды нығайту.
Экологиялық күн тәртібін ілгерілетпей, орнықты экономикалық өсімге қол жеткізу және қоғамның әл-ауқатын арттыру мүмкін емес. Өкінішке қарай, су тасқыны, қуаңшылық, өрт, судың және топырақтың ластануы секілді түрлі табиғи катаклизмдер айтарлықтай көбейгенін байқап отырмыз.
Осы ретте Қазақстан қоршаған ортаны қорғау проблемасын шешу үшін күш біріктіруді көздейді. Біз мынадай міндеттерге баса назар аудару қажет деп санаймыз:
▪️ ШЫҰ мен БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы арасында серіктестік байланыс орнату;
▪️ Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді әзірлеу;
▪️ Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды және экологиялық туризмді дамыту жөніндегі ынтымақтастық бағдарламасын қабылдау.
Бұл шаралардың барлығын бүгін қабылданатын Декларацияда бекітілген ШЫҰ-ның Экология жылы аясында ұйымдастыруды ұсынамын"
Қасым-Жомарт Тоқаев:
"АЛТЫНШЫ. Мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту.
Елдеріміз бен халықтарымыздың арасын жақындатудың тағы бір тиімді тетігі – туризм. Дүниежүзі халқының 45 пайызын қамтитын ШЫҰ кеңістігі әлеуеті әлі толық пайдаланылмаған алып туристік нарық саналады. Мұны мойындау керек.
Қазақстан бұл бағыт бойынша кешенді шаралар қабылдап жатыр. Былтырдан бастап елімізде Үндістан, Иран және Қытай азаматтары үшін визасыз режим енгізілді. Бұл шара мемлекеттеріміз арасындағы туризмді дамытуға ықпал етеді. Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалық ету кезеңінде Алматы қаласын Шанхай ынтымақтастық ұйымының туристік және мәдени астанасы деп жариялауды ұсынамын.
ШЫҰ-ның кең байтақ кеңістігі – Еуразиялық өркениеттің алтын бесігі. Ал мәдениеттердің біртұтастығын айшықтайтын бірегей "Шанхай рухы" – оның баға жетпес құндылығы. Ортақ идеалдарымыз бен құндылықтарымызды әлемге дәйекті түрде дәріптеу маңызды. Қазақ жері – ежелден өркениеттер тоғысқан, дәстүрлер мен мәдениеттер біте қайнасқан мекен. Ал бүгінде Қазақстан бәрімізге ортақ, бай рухани мұраны сақтау және оны насихаттау ісіне барынша атсалысуға дайын.
Осыған орай "ШЫҰ-ның киелі орындары" жобасын қолға алуды ұсынамыз. Ұлы ойшыл Қожа Ахмет Ясауи кесенесі Қазақстандағы әлемдік маңызы бар осындай киелі орын саналады. ШЫҰ-ның "Алтын Орда және оның мұрасы" атты конференциясы аясында осы ортағасырлық сәулет өнерінің ұлы ескерткішінің таныстырылымын қасиетті Түркістан шаһарында өткізуді жоспарлап отырмыз. Мұндай ауқымды шара елдеріміз арасында анағұрлым тығыз гуманитарлық байланыстар орнатуға ықпал ететініне сенімдімін".
Мемлекет басшысы:
"Бүгінде ШЫҰ жаңару жолына батыл қадам басты. Бұл анағұрлым мол мүмкіндіктерге жол ашады. Дамудың жаңа кезеңінде біздің жұмысымыз бұдан былай ескірген тәсілдерге сүйене алмайды. ШЫҰ-ның әлеуетін арттыру жолындағы ортақ істе екіжақты сипаттағы проблемалардан өзімізді мейлінше аулақ ұстап, барлық күш-жігерімізді арадағы уағдаластықтарды жүзеге асыруға жұмылдырған жөн.
Халықтарымыздың ұзақмерзімді мүддесі үшін ШЫҰ аясында әрдайым өзара түсіністік, ынтымақтастық ниеті басым тұруға тиіс. Шанхай ынтымақтастық ұйымының жаңа даму стратегиясын қабылдайтын уақыт келді деп ойлаймын. Қазақстан аталған құжаттың жобасын әзірледі және оны алдағы төрағалық ету кезінде таныстыруды жоспарлап отыр. Жаңа стратегияда өзара ынтымақтастығымыздың анағұрлым перспективті бағыттары бойынша ШЫҰ-ның күн тәртібін кеңейту көзделген.
Президент:
Ұйым қызметін одан әрі жетілдіру жаңа сын-қатерлерге тиімді төтеп беріп, ШЫҰ-ны заман талабына бейімдеу үшін маңызды қадам болмақ. Осы мақсатқа қол жеткізуге арналған Қазақстанның ұсыныстарын ескере отырып, Астанада өтетін келесі саммитке дейін ШЫҰ-ның әлеуетін күшейту тұжырымдамасын қабылдауды ұсынамын"
"Өзге халықаралық ұйымдардың тәжірибесіне сүйене отырып, ШЫҰ жанынан Тұрақты өкілдер кеңесін құру және оларға мемлекеттеріміздің мүддесін қорғау құзыретін беру маңызды деп санаймын.
Әділ әрі үйлесімді келешек әлем туралы біздің өз көзқарасымыз болуға тиіс. Өзара жауапкершілік пен тілеулестік негізінде инклюзивті даму мен жасампаз прогресс жолында алға қарай батыл қадам басуымыз керек. Төрағалық ету кезегін қабыл ала отырып, ШЫҰ кеңістігіндегі қауіпсіздік, бейбітшілік және өркендеу ісін одан әрі нығайта түсу үшін ұйымдағы мәртебесіне қарамастан барлық елмен арадағы белсенді және табысты жұмысты жалғастырамыз.
Осы орайда баршаңызды Шанхай ынтымақтастық ұйымының Қазақстан елордасы – Астанада өтетін келесі саммитіне қатысуға шақырамын"