Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында Алматы мен Түркістанды ерекше атап өтті

Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында Алматы мен Түркістанды ерекше атап өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.07.2023 14:23 Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Ұйым шеңберінде мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту керектігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің сөзінше, елдеріміз бен халықтарымыздың арасын жақындатудың тағы бір тиімді тетігі – туризм. Дүниежүзі халқының 45 пайызын қамтитын ШЫҰ кеңістігі әлеуеті әлі толық пайдаланылмаған алып туристік нарық саналады. Мұны мойындау керек.

"Қазақстан бұл бағыт бойынша кешенді шаралар қабылдап жатыр. Былтырдан бастап елімізде Үндістан, Иран және Қытай азаматтары үшін визасыз режим енгізілді. Бұл шара мемлекеттеріміз арасындағы туризмді дамытуға ықпал етеді. Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалық ету кезеңінде Алматы қаласын Шанхай ынтымақтастық ұйымының туристік және мәдени астанасы деп жариялауды ұсынамын." Президент

ШЫҰ-ның кең байтақ кеңістігі – Еуразиялық өркениеттің алтын бесігі. Ал мәдениеттердің біртұтастығын айшықтайтын бірегей "Шанхай рухы" – оның баға жетпес құндылығы. Ортақ идеалдарымыз бен құндылықтарымызды әлемге дәйекті түрде дәріптеу маңызды. Қазақ жері – ежелден өркениеттер тоғысқан, дәстүрлер мен мәдениеттер біте қайнасқан мекен. Ал бүгінде Қазақстан бәрімізге ортақ, бай рухани мұраны сақтау және оны насихаттау ісіне барынша атсалысуға дайын, деп ойын жеткізді Президент Тоқаев.

Осыған орай "ШЫҰ-ның киелі орындары" жобасын қолға алуды ұсынамыз. Ұлы ойшыл Қожа Ахмет Ясауи кесенесі Қазақстандағы әлемдік маңызы бар осындай киелі орын саналады. ШЫҰ-ның "Алтын Орда және оның мұрасы" атты конференциясы аясында осы ортағасырлық сәулет өнерінің ұлы ескерткішінің таныстырылымын қасиетті Түркістан шаһарында өткізуді жоспарлап отырмыз. Мұндай ауқымды шара елдеріміз арасында анағұрлым тығыз гуманитарлық байланыстар орнатуға ықпал ететініне сенімдімін". Мемлекет басшысы

"Бүгінде ШЫҰ жаңару жолына батыл қадам басты. Бұл анағұрлым мол мүмкіндіктерге жол ашады. Дамудың жаңа кезеңінде біздің жұмысымыз бұдан былай ескірген тәсілдерге сүйене алмайды. ШЫҰ-ның әлеуетін арттыру жолындағы ортақ істе екіжақты сипаттағы проблемалардан өзімізді мейлінше аулақ ұстап, барлық күш-жігерімізді арадағы уағдаластықтарды жүзеге асыруға жұмылдырған жөн,-деді президент.

"Халықтарымыздың ұзақмерзімді мүддесі үшін ШЫҰ аясында әрдайым өзара түсіністік, ынтымақтастық ниеті басым тұруға тиіс. Шанхай ынтымақтастық ұйымының жаңа даму стратегиясын қабылдайтын уақыт келді деп ойлаймын. Қазақстан аталған құжаттың жобасын әзірледі және оны алдағы төрағалық ету кезінде таныстыруды жоспарлап отыр. Жаңа стратегияда өзара ынтымақтастығымыздың анағұрлым перспективті бағыттары бойынша ШЫҰ-ның күн тәртібін кеңейту көзделген." Қасым-Жомарт Тоқаев

Ұйым қызметін одан әрі жетілдіру жаңа сын-қатерлерге тиімді төтеп беріп, ШЫҰ-ны заман талабына бейімдеу үшін маңызды қадам болмақ. Осы мақсатқа қол жеткізуге арналған Қазақстанның ұсыныстарын ескере отырып, Астанада өтетін келесі саммитке дейін ШЫҰ-ның әлеуетін күшейту тұжырымдамасын қабылдауды ұсынамын, деп ойын түйді Қазақстан президенті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: