Мохаммад Мохбер Астанаға келді

Мохаммад Мохбер Астанаға келді, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2024 23:40 Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі
Иран Ислам Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Мохаммад Мохбер Қазақстан астанасына келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана әуежайында оны Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин қарсы алды. 

Мохаммад Мохбер Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-отырысына қатысады. 

Өткен жылы Нью-Делидегі саммит барысында Иранның ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі ретінде ұйымға кіруі нақты рәсімделді. Иран мемлекетаралық бірлестіктің тоғызыншы мүшесі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: