Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев "ШЫҰ плюс" қатысушыларына: Бізге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр

Бұған дейін елордадағы Тәуелсіздік сарайында ШЫҰ-ның кеңейтілген құрамдағы отырысы басталды. Оған қатысушылар бірлік, келісім және даму мәселелерін талқылайды., сурет - Zakon.kz жаңалық 04.07.2024 16:23 Сурет: akorda.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ плюс отырысына қатысушылар алдында сөз сөйледі, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы бүгінде әлем бұрын-соңды болмаған геосаяси қайшылықтар мен шиеленіс әлеуетінің күшеюінен туындаған күрделі сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отырғанын атап өтті.


"Халықаралық қауіпсіздік архитектурасына қауіп төніп тұр, бұл бүкіл адамзат үшін ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.Осындай тағдыршешті кезеңде бізге өңірлік және жаһандық деңгейде ұжымдық күш-жігер арқылы бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту үшін орасан зор жауапкершілік жүктеледі", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуынша, ШЫҰ өзінің беделін, елеулі экономикалық және адами ресурстарын ескере отырып, тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу және заманауи сын-қатерлерді еңсеру үшін тиімді шешімдер әзірлеуге қабілетті.

Бұған дейін елордадағы Тәуелсіздік сарайында ШЫҰ-ның кеңейтілген құрамдағы отырысы басталды. Оған қатысушылар бірлік, келісім және даму мәселелерін талқылайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: