Түркістан облысында бөгет апатының алды алынды
Сурет: ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі
4 шілде күні Шардара ауданында бөгет апатының алды алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Су шаруашылығы және ирригация министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Қазводхоз" РМК Түркістан облысы бойынша филиалы Шардара ауданындағы 2Р-1 каналының сол жақ қапталындағы бөгеттің зақымдануын жедел анықтады.
Соның арқасында арна бөгетін қалпына келтіріп, апатты жағдайды болдырмау үшін техниканы жедел жөнелтуге мүмкіндік туды. Арна тұрақты режимде жұмыс істейді.
Маусым айында Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе су қоймасының суының тасуына жол бермеуге атсалысқан "Қазводхоз" филиалының бақылаушысы, краншы Шыңғыстау Әбдиевті марапаттады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript