Жаңалықтар тізбегі
0

Қоғамдық басымдықтар: отбасы, жұмыс және қауіпсіздік - ҚСЗИ сауалнамасы

Қоғамдық басымдықтар: отбасы, жұмыс және қауіпсіздік - ҚСЗИ сауалнамасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2024 17:52 Сурет: pexels
ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ағымдағы жылдың 11 мамыры мен 22 маусымы аралығында әлеуметтанулық сауалнама жүргізді. Іріктеме көлемі 8000 респондентті құрайды.

Сауалнамаға 17 облыс пен республикалық маңызы бар қалалар: Астана, Алматы және Шымкенттің 18 жастан асқан респонденттері қатысты.

Сауалнама барысында респонденттерге ұлтты біріктіретін негізгі белгілерді анықтау ұсынылды. Бірінші кезекте – бұл паспорт, – респонденттердің 46%-ы оны негізгі біріктіруші фактор деп санайды. Екіншіден, бұл Қазақстан жерінде туылғаны және ортақ ата-бабалардың болуы (39,9%). Сондай-ақ, сауалнамаға қатысқандардың үштен бірі (32,0%) ұлттың біріктіруші элементі ретінде тілдің ортақтығын көрсетеді.

Сауалнамаға қатысқан әрбір бесінші адам (21,8%) елдің жетістіктері үшін мақтаныш, патриотизм сезімі және баршаға ортақ құндылықтар, нормалар мен мінез-құлық (21,3%) ұлтты біріктіреді деп санайды (жауаптар саны 100%-дан асады, себебі респонденттерге бірнеше жауап нұсқасын таңдау берілді).

Ал бізді еліміздің азаматы ететін не? Респонденттердің басым көпшілігі азаматтылықтың маңызды көрінісі заңға бағыну, заңдарды сақтау деп санайды (сауалнамаға қатысқандардың 63,3%).

Егер адамдар ортақ, ұқсас идеалдарға ие болса, кез-келген қоғам үйлесімді және біртұтас болады. Қазақстандықтар отбасы (99,6%), жұмыс және еңбек (92,9%) және достар (92,4%) сияқты ұғымдарды маңызды деп санай отырып, бірауыздылықты көрсетеді.

Сауалнамаға қатысқандардың көпшілігінің пікірінше, қажырлы еңбек марапатталуы керек: "толық келісемін" жауабын респонденттердің 66,2%-ы, "келісемін" жауабын 32,5%-ы таңдаған. Сонымен қатар қоғамда патерналистік үміттер сақталып келеді, респонденттердің 93,8%-ы үкімет әрбір азамат үшін жақсы өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуі керек деп санайды ("толық келісемін" – 53,8%, "келісемін" – 40,0%).

Сауалнама нәтижелері қазақстандықтардың басым көпшілігінің (91,2%) түсінігінде ғылым мен технология өмір сүру сапасын жақсартуда шешуші рөл атқаратынын көрсетеді.

Респонденттердің құндылықтарын талдау еркіндік құндылығының теңдікке қарағанда артықшылығын көрсетеді (62,9% және 33,8%). Ал, қауіпсіздік еркіндікпен салыстырғанда маңызды құндылық ретінде қарастырылады (68,7% және 28,6%).

Осылайша, жинақталған мәліметтер азаматтардың құндылықтарының бірлігін, отбасы, еңбек және қауіпсіздік құндылықтарының басымдығын көрсетеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: