Жаңалықтар тізбегі
0

Тәуелсіздіктің 33 жылында отбасы құндылықтары қалай өзгерді

Тәуелсіздіктің 33 жылында отбасы құндылықтары қалай өзгерді , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2024 13:14 Сурет: pixabay
ҚСЗИ 2024 жылдың 11 мамыры мен 22 маусымы аралығында ерекше сауалнама өткізді. Нақтырақ айтсақ, тәуелсіздіктің 33 жылында отбасындағы болған өзгерістерге баға беруді ұсынды. Іріктеме көлемі 8000 респондентті қамтыды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметінше, сауалнамаға 17 облыс пен Астана, Алматы және Шымкент қалаларының 18 жастан асқан тұрғындары қатысты.

Өңірлік мониторингте респонденттерге 1991 жылдан бері отбасында болған өзгерістерді бес бағыт бойынша бағалау сұралды:

  • Жалпы өмір
  • Тұратын қаласындағы/ауылындағы өмір
  • Отбасылық қатынастар
  • Табыс
  • Денсаулық.
"Қазақстандықтардың төрттен үш бөлігі 33 жыл ішінде отбасында болған өзгерістерге оң баға береді. Ең оптимистік баға, біріншіден, жалпы өмірге; екіншіден, отбасылық табыстың, сондай-ақ тұратын қаласындағы/ауылындағы өмірдегі өзгерістер. Бір қызығы, кірістердегі өзгерістер ең жақсы бағаланады — респонденттердің 17,2% "әлдеқайда жақсарды", 54,7% — "жақсарды" деп атап өтті".ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері, әлеуметтану ғылымдарының докторы Айгүл Забирова
Тәуелсіздіктің 33 жылында отбасы құндылықтары қалай өзгерді , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2024 13:14

Сурет: kisi.kz

Қазақстандықтардың бестен бір бөлігі 1991 жылдан бері отбасында айтарлықтай өзгерістер болған жоқ деп есептейді.

"Жоғарыдағы суретте көрініп тұрғандай, пессимизм денсаулыққа байланысты өзгерістерді бағалауда айқын көрінеді. Осылайша, әйелдер ерлермен салыстырғанда денсаулықты, отбасын, қарым-қатынасты және жалпы өмірді бағалауда көбінесе пессимистік ой білдірген. Білім деңгейі неғұрлым төмен болған сайын, бес саладағы және әсіресе отбасындағы өзгерістерге соғұрлым пессимистік баға беріледі. Қала тұрғындары ауыл тұрғындарына қарағанда барлық бес бағыт бойынша өзгерістерге пессимистік көзқараспен қарайды",- деді Айгүл Забирова.

Елдегі өмір сүру деңгейі туралы ресми статистика сүйенсек, халықтың ақшалай табыстары туралы мәліметтері өмір сүру деңгейін анықтайтын негізгі фактор болып саналады. Ресми статистикаға сәйкес, соңғы 23 жылдағы қазақстандықтардың номиналды және нақты ақшалай кірістерінің динамикасы өсу тенденциясымен сипатталады, бұл графиктен көрініп тұр. Айта кететіні, ақшалай кіріс құрылымында әлеуметтік төлемдердің маңызының артқан.


Тәуелсіздіктің 33 жылында отбасы құндылықтары қалай өзгерді , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2024 13:14

Сурет: kisi.kz


"Бүгінгі таңда бүкіл әлемде дамудың прогрессивті перспективаларына адамдардың сенімі ретіндегі қоғамдық оптимизмге үлкен қажеттілік бар. Қоғамның әлеуметтік негіздерін тұрақтандыру және қазақстандықтардың өмір сүру сапасының артуы, қоғамдағы әлеуметтік келісім мен тәртіптің сақталуы көптеген факторларға байланысты, мұнда іскерлік белсенділік ресурсы ретіндегі әлеуметтік оптимизм ерекше рөл атқарады". ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері, әлеуметтану ғылымдарының докторы Айгүл Забирова

Бұған дейін мемлекеттік тапсырысты өңірлік БАҚ-та орналастыру ережесі бекітілгені хабарланған болатын. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: