Ақтауда 13 жастағы қызды зорлаған педофил 22 жылға сотталды

Ақтауда 13 жастағы қызды зорлаған педофил 22 жылға сотталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2024 22:12 Сурет: freepik
Маңғыстау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жасөспірімді зорлау және оған қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекетін жасады деп айыпталған азаматтың ісі қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот мәліметінше, сотталушы 2023 жылдың тамыз айынан қараша айы аралығында жасөспірімнің дәрменсіз жағдайын пайдаланып, оны бірнеше рет зорлап жыныстық қатынасқа түсіп, оған қатысты сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасап келген. 

Сотталушының кінәсі куәгерлердің берген жауабымен, заттай дәлелдермен, сарапшылардың қорытындысымен және тергеу хаттамаларымен толық дәлелденген.

Шешім шығарушы орган сотталушыны ҚК 120-бабының 4-бөлігі, 121-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп таныды.

Сот оны педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, тағайындалған жазаларды ішінара қосу жолымен түпкілікті 22 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: