Жаңалықтар тізбегі
0

Бүгін – ұлттық мұрамызды ұлықтайтын Домбыра күні

Бүгін – ұлттық мұрамызды ұлықтайтын Домбыра күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.07.2024 09:31 Сурет: Zakon.kz
Бүгін – ұлттық мұрамызды ұлықтайтын Домбыра күні! Домбыра – ұлттық болмысымызбен, тарихи тамырызбен біте қайнасып жатқан қастерлі құндылығымыз, деп хабарлайды Zakon.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнінде сөйлеген сөзінде домбыра қазақ халқының жаны, ұлт болмысының айнасы екенін тілге тиек етті.

"Біз ұлттық бірегейлігімізді сақтағымыз келсе, қастерлі аспапты қадір тұтуымыз қажет. Ол – біздің тереңнен тамыр тартатын төл тарихымыздың куәгері. Мерейлі мереке өнерімізді өрге шығарып, тұтастығымызды нығайта түсу үшін керек. Мен ұлттық құндылықты ұлықтайтын бастамаларды барынша дәріптеу қажет деп санаймын. Домбыра күні соның айқын көрінісі болуға тиіс", - деді Президент.

Zakon.kz редакциясы қазақстандықтарды мерекемен құттықтайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: