Жаңалықтар тізбегі
0

Дирижер, Қазақстанның халық әртісі Шамғон Қажығалиевтің туғанына 97 жыл толды

Дирижер, Қазақстанның халық әртісі Шамғон Қажығалиевтің туғанына 97 жыл толды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2024 10:31 Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Бүгін дирижер, Қазақстанның халық әртісі, профессор Шамғон Қажығалиевтің туғанына — 97 жыл, деп хабарлайды Zakon.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шамғон Сағаддинұлы қазақ халық аспаптар оркестрінде домбырашы, жетекші домбырашы, кейін дирижер қызметін атқарды.

Дирижер оркестр музыканттарының ансамбльдік орындаушылық мәдениетін көтеріп, кәсіби шеберлігін шыңдай түсті. Оркестр құрамындағы халық музыка аспаптарын жаңалап, олардың дыбыс бояуын байытып, жетілдіруге ықпал етті.

Тәжірибелі ұстаз оншақты әдістемелік бағдарлама мен оқу құралының репертуарын жасады. Шамғон Қажығалиев халық аспаптар оркестрі үшін 200-ден астам қазақ, орыс, шетел сазгерлерінің туындысын өңдеп, Ахмет Жұбановтың шығармашылық мұрасынан 20 күйдің партитураларын жазды.

Шамғон Сағаддинұлының дирижерлік өнері мен шығармашылығы халық назарында болды. Оның ерен еңбегі мемлекеттік жоғары наградалармен марапатталды. Ол "Парасат", "Отан" ордендерінің иегері атанды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: