ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы екі лаңкестік әрекеттің жолы кесілгенін айтты
Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Ермек Сағымбаев алдын алған екі терактінің жай-жапсарын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сағымбаевтың ҚазАқпарат агенттігіне хабарлауынша, күш құрылымдары Ақтаудағы алғашқы лаңкестік әрекеттің жолын кесті.
"Бұған дейін жан-жақты жедел әзірленген болатын. Қала тұрғындарының бірі радикалды діни идеологияны ұстанушы ретінде көзге түсті. Оның кісі өлтіргені үшін соттылығы бар. Шетелдік содырлардың интернеттегі үгіт-насихатының әсерінен ол өз әрекетін жасамақ болған. Мемлекеттік органдардың бірінің ғимаратында жарылыс жасау үшін, ол қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды, оның ішінде жанғыш және басқа да химиялық қоспаларды, сондай-ақ зақымдайтын элементтерді – болттар мен шегелерді сатып алған", - деді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы.
Тінту кезінде ұсталған үйден жарылғыш заттар салынған төрт контейнер және лаңкестік әрекетке дайындық фактісін дәлелдейтін басқа да айғақтар алынды.
"Шетелде жасалмақ болған екінші лаңкестік әрекеттің алды алынды. ҰҚК қызметкерлері жоспарланған іс-шара туралы алғашқы мәліметтерді алды.Шет мемлекеттің тиісті қызметтері дереу хабарланды.Бірлескен тексеру барысында материалдар расталды, әрекетке ескерту жасалды", - деп бөлісті Сағымбаев.
Ол терроризмнің шекарасы жоқ екенін, сондықтан шетелдік барлау қызметтерімен ақпарат алмасу мәселелері өте маңызды екенін атап өтті.
2024 жылғы 29 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жыл басынан бері екі лаңкестік әрекеттің, оның ішінде шетелдік серіктестермен бірлесіп шетелде жасалған бір теракттің алдын алғанын баяндады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript