ҰБТ-да бір балл алған түлек. Тестілеу орталығы аталған жағдайға қатысты пікір білдірді

ҰБТ, бір балл, түсініктеме, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2024 19:34 Сурет: Ұлттық тестілеу орталығы
Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова 2024 жылы 12 шілдеде ОКҚ-да өткен брифинг барысында тестілеу кезінде бір балл ғана алған түлектің жағдайына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Наужан Дидарбекова ҰБТ-да осындай нәтиже тіркелгенін растады.

"Біз бұған дейін де айтқанбыз, бұл бала осыған дейін ҰБТ тапсырып, 90-нан астам ұпай жинаған. Бірақ ол бір ұпай жинаған келесі ҰБТ-да бес-ақ минут отырған, сәйкесінше нәтижесі де осындай. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшаларында жазды да", - деді ол.

Бұл ретте директордың орынбасары аталған жағдай ілуде бір кездесетінін атап өтті.

ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова 2024 жылы 12 шілдеде ОКҚ-да өткен брифингіде елімізде өтіп жатқан ҰБТ өз мәресіне жеткенін мәлімдеді. Ол емтиханның 43 тестілеу пунктінде электронды форматта өткенін жеткізді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: