Грант-2024: бірінші күні 14 мыңға жуық құжат қабылданды

грант, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2024 13:55 Сурет: pixabay
Қабылдау комиссиялары бүгін де өз жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірінші күні 14 мыңға жуық құжат қабылданды.

Құжаттарды қабылдау:

еGov арқылы онлайн форматта;

ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта жүзеге асырылады;

Сонымен қатар, жоғары оқу орындарында виртуалды қабылдау комиссиялары жұмыс істейді.

Құжаттарды кез келген ЖОО (орналасқан жері бойынша) арқылы тапсыруға болады.

Отандық ЖОО-ларға оқуға түсу үшін талапкерлер жеке куәлік, ҰБТ сертификатын; 3х4 көлеміндегі фото, орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом), сондай-ақ, жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар ұсынады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: