Жамбыл облысында полицейлер мемлекетаралық іздеуде жүрген әйелді ұстады

Жамбыл облысында полицейлер мемлекетаралық іздеуде жүрген әйелді ұстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2024 17:21 Сурет: polisia.kz
Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Қырғызстан Республикасының 43 жастағы азаматшасын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әйел адам 2023 жылдың қараша айынан бастап Өзбекстан Республикасы қылмыстық кодексінің 169-бабы 2-бөлігінде (Ұрлық) көзделген қылмыс жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде болған.

Ол Ресей, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан аумағында зергерлік дүкендерден алтын бұйымдар ұрлаған. Біздің елдің аумағында Жамбыл облысы Қордай ауданындағы зергерлік дүкеннен алтын бұйымдарды ұрлап кеткен. 

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды және Өзбекстан Республикасы Самарқанд облысының ІІБ қызметкерлеріне берілетін болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: