Тимофей Скатов Швецияда негізгі жарысқа жолдама алды

Тимофей Скатов, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2024 20:05 Сурет: ktf.kz
Тимофей Скатов Бостад (Швеция) ATP 250 турнирінің негізгі кезеңіне өтті, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 153-ракеткасы, италиялық Андреа Пеллегриноның мысын басты.

Скатов қарсыласын 6:4, 6:1 есебімен тізе бүктірді. 

Тағы бір қазақстандық Денис Евсеев іріктеу сайыстарының финалында франциялық Мануэл Гинармен ойнайды. 

15-21 шілде аралығында өтетін Бостад додасының жүлде қоры 651 865 еуроға бағаланған.

Жарыс жеңімпазы 88 125 еуроға қоса 250 рейтингілік ұпайға ие болады. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: