Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтау қаласына жаңа әкім тағайындалды

Ақтау қаласының әкімі тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2024 16:29 Сурет: Telegram/mangystau_press
Бүгін, 16 шілдеде аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қалалық мәслихатының депутаттарына қала әкімі лауазымына үміткерді таныстырды, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін қала әкімі болған Ұлықбек Тналиев өз еркімен қызметінен кеткен. Қалалық мәслихат депутаттары ұсынылған кандидатураны қолдады.

Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Байпақов Әбілқайыр Жаңайұлы Ақтау қаласының әкімі қызметіне тағайындалды.

Әбілқайыр Байпақов 1978 жылы Маңғыстау облысы Шетпе ауылында дүниеге келген. Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша жоғары білімі бар.

Осы жылдар ішінде облыстың мемлекеттік органдарында, оның ішінде Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасы мен мәдениет басқармасында, Ақтау қаласы, Түпқараған және Қарақия аудандары әкімі аппаратында, облыс әкімі аппаратында басшы, Баянды ауылының әкімі, "Каспий" ӘКК ҰК" АҚ директоры, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2023 жылдан бүгінгі күнге дейін Маңғыстау облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы болды.

Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласы тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту бағытында атқарған жұмысы үшін Ұлықбек Тналиевке алғыс айтып, Әбілқайыр Байпақовқа облыс орталығының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: