Елімізде шомылу маусымы басталғалы 85 адам суға батып кетті
Сурет: freepik
Қазақстанда су айдындарында қаза тапқандардың саны күннен-күнге өсіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жазатайым оқиғалар демалыс күндері жиі кездеседі.
"Қауіпсіздік ережелерін елемеу, жабдықталмаған жерлерде шомылу және балаларды назардан тыс қалдыру көбінесе қайғылы жағдайға әкеліп жатыр", - делінген хабарламада.
Мәселен, шомылу маусымы басталғаннан бері 85 адам, оның ішінде 35 бала суға батып кетті.
ТЖМ қазақстандықтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға үндеді.
"Тыйым салынған жерлерде шомылу өмірге қауіп төндіріп қана қоймай, айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке әкеледі. Тек әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 412-бабы бойынша 721 қазақстандыққа 18 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынды".Төтенше жағдайлар министрлігі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript