WhatsApp арқылы насыбай мен темекі өнімдерін сатқан күдікті ұсталды

WhatsApp арқылы насыбай мен темекі өнімдерін сатқан күдікті ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2024 18:56 Сурет: polisia.kz
Алматы облысында полиция қызметкерлері заңсыз темекі өнімдерін сату фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылы 15 шілдеде "Стоп-алаяқ" жедел профилактикалық іс-шара барысында Алматы облысы ПД КПБ CyberPol орталық тобының қызметкерлері WhatsApp қосымшасы арқылы тыйым салынған темекі өнімдерін сатуды жүзеге асырған күдіктіні анықтады.

"Жедел-іздестіру жұмыстары аясында азаматтың тыйым салынған темекі заттарын - "насыбай" және "түтінсіз темекі өнімін" — белсенді таратумен айналысқаны анықталды. Аталған дерек Іле ауданының полиция басқармасында тіркелді". Алматы облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Серік Шалхаров

Күдіктіден жауап алу үшін аудандық полицияға жеткізілді.

Сотқа дейінгі тергеу барысында ұсталған адам өз еркімен 400 келі "насыбай" және 1000 қорап "снюс" тапсырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: