Қазақстандықтарға 1414 нөмірінен келетін хабарламалар жөнінде ескерту жасалды

Қазақстандықтарға 1414 нөмірінен келетін хабарламалар жөнінде ескерту жасалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2024 12:34 Сурет: gov4c.kz
Қазақстандықтардан 1414 нөмірінен жіберілген кодтары бар хабарламаларды үшінші тұлғалармен бөліспеуді сұрайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақпарат 2024 жылғы 17 шілдеде egov.kz парақшасында жарияланды.

"Құрметті пайдаланушылар! Алаяқтардың құрбаны болмас үшін 1414-тен кодтары бар хабарламаларды үшінші тұлғаларға жібермеңіз. Алаяқтар хабарламадағы кодты пайдаланып, сіздің цифрлық деректеріңізге қол жеткізе алады",- делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, egov.kz ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға бере отырып, сіз оларға заңды қол қою мүмкіндігін беретіндігіңізді және оның салдары үшін жауапқа тартылатыныңызды ескертті.

Деректерді қалай қорғауға болады?

  • 1414-тен жіберілген sms-кодты үшінші тұлғаларға бермеңіз;
  • ЭЦҚ үшінші тұлғаларға бермеңіз;
  • қызметкерлер жұмыстан босатылғаннан кейін ЭЦҚ кері қайтаруын қадағалаңыз;
  • ресми құжаттарға қол қоюға жауапты қызметкерлерге жеке ЭЦҚ беріңіз;
  • ЭЦҚ бар флешка жоғалған жағдайда бірден жаңа ЭЦҚ алыңыз;
  • ХҚКО алынған ЭЦҚ құпиясөзін ауыстырыңыз;
  • бейтаныс адамдардан ЭЦҚ кілтін ашу үшін ақылы көмекке жүгінбеңіз.
"ҚР ЭЦҚ туралы Заңының 10 бабының 2-тармағына сәйкес ЭЦҚ жабық кілттерін басқа адамдарға беруге болмайды. Кодекстің 640-бабының 5-тармағына сәйкес ЭЦҚ-ның жабық кілтін басқа тұлғаларға заңсыз бергені жеке тұлғалар үшін 10 АЕК, ал заңды тұлғалар үшін 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады",- деп түйіндеді egov.kz.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: