БЖЗҚ қазақстандықтарға ескерту жасады

БЖЗҚ Қазақстан халқына үйдеу жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2023 09:27 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
БЖЗҚ басшылығы Қазақстан халқына ескерту жасады. Азаматтардан кейбір жаңалықтар агрегаторларындағы жалған ақпараттан сақ болуды сұрайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Шетелдік жаңалықтар агрегаторларының бірі БЖЗҚ-ға сілтеме жасап, Қазақстанда ағымдағы жылдың маусым айының 1-ші күнінен бастап халықтың белгілі бір (артықшылықты) санатына ай сайынғы қосымша ақшалай төлемдер енгізілгені туралы таратқан ақпарат, шындыққа сәйкес келмейді", - делінген хабарламада.

Зейнеткерлік жасқа толған адамдарға БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы No 1042 қаулысымен бекітілген БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес белгіленген кестеге сәйкес жүзеге асырылады. Сондай-ақ БЖЗҚ-дан бірінші және/немесе екінші топтағы мерзімсіз мүгедектікті белгілеуге байланысты жалпы белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін кесте бойынша төлемдерді алуға болады.

Жоғарыда аталған Әдістеме өткен жыл үшін БЖЗҚ-дан төленетін ай сайынғы зейнетақы мөлшерінің зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесі бойынша жыл сайын – 5%-ға ұлғайтуды көздейді.

БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ интернет-ресурсында (www.enpf.kz) немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасында, сондай-ақ электрондық үкімет сайтында (www.egov.kz) жеке кабинетте бақылауға болады.

Азаматтардан тек ресми ақпарат көздерінен алынған сенімді ақпаратты басшылыққа алуды сұрайды.

Бұған дейін Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері аталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: