Жаңалықтар тізбегі
0

Жерді рұқсатсыз басып алу жағдайында қандай жаза қарастырылған

Жерді рұқсатсыз басып алу жағдайында қандай жаза қарастырылған , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2024 13:50 Сурет: freepik
Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің қызметкерлері Жетісу облысының Көксу ауданында жер қойнауын пайдаланушының жерді рұқсатсыз басып алу фактісінің жолын кесіп, бұл үшін заңнама бойынша қандай жаза қарастырғанын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Комитеттің аумақтық департамент өкілдерінің тексеру нәтижесі бойынша ЖШС-мен мемлекет меншігіндегі көлемі 1,92 га жер учаскесін өз бетінше иеленіп алу фактісі анықталды.

"Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 136 бабына сәйкес шаралар қабылданып, соммасы 553 мың теңге көлемінде айыппұл салынды және мемлекет кірісіне өндірілді",- делінген ведомствоның 17 шілдедегі ақпаратында.

ҚР ӘҚБтК-нің 136-бабында жазылғандай, мемлекеттік жер учаскелерін заңсыз иемдену немесе айырбастау не жерге мемлекеттік меншік құқығын тікелей немесе жанама түрде бұзатын басқа да мәмілелер жасау, сондай-ақ уақытша иеленетін мемлекеттік жерлерді уақтылы қайтармау келесі мөлшердегі айыппұлдарды салуға әкеп соғады:

  • жеке тұлғаларға - 75 АЕК (276 900);
  • лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 100 АЕК (369 200);
  • орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - 150 АЕК (553 800);
  • iрi кәсiпкерлiк субъектiлерге - 700 АЕК (2 584 400).
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: