Жаңалықтар тізбегі
0

Таланттардың орталығы: Астанада креативті хаб ашылды

Таланттардың орталығы: Астанада креативті хаб ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2024 16:56 Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
Елордада алғашқы ірі креативті хаб өз жұмысын бастады. Шығармашылық кеңістік Мемлекет басшысының тапсырмасымен ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында бұл сала еліміздің экономикасын өркендетуге тың серпін беретініне сенім білдірген еді.

Креативті хабтың ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Андрей Лукин мен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қатысты.

Таланттардың орталығы: Астанада креативті хаб ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2024 16:56

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қонақтар сәндік-қолданбалы өнер шеберлерімен танысып, ұлттық болмысты сақтауда қазақтың дәстүрлі ою-өрнегін қастерлеп-насихаттаудың маңызы зор екенін айтты.

Таланттардың орталығы: Астанада креативті хаб ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2024 16:56

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Ауданы 1,5 мың шаршы метрді құрайтын үш қабатты ғимарат нетворкинг жасап, креативті индустрия жобаларын жүзеге асыру алаңына айналмақ. Хаб бірнеше бағыттағы аймақтарға бөлінген. Атап айтқанда, кітап дүкені мен отандық баспалардың өнімдеріне арналған оқу залы, этно-мұражай, қолөнер шеберханалары, заманауи өнер қойылымдары, музыкалық және әдеби кештер алаңы, сонымен қатар "Smart nomad games" жобасы мен заманауи өнер галереясы бар.

Таланттардың орталығы: Астанада креативті хаб ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2024 16:56

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Таланттардың орталығы: Астанада креативті хаб ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2024 16:56

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Осындай хабтарды Қазақстанның барлық аймағында ашу жоспарлануда. Олар шығармашылық жобаларды іске асыруға және коммерцияландыруға, сондай-ақ шығармашылық нарыққа жүздеген маман қосуға ықпал етеді.

Таланттардың орталығы: Астанада креативті хаб ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2024 16:56

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Бұған дейін Қазақстанда Euronews-тің өңірлік өкілдігі ашылатындығы хабарланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: