Таразда М-1 жылу магистралін жаңғырту жұмыстары жалғасуда

Жылу желісінің жалпы ұзындығы 6138 метрді құрайды.
"М-1" жылу магистралі 1990 жылдан бастап 34 жыл бойы үздіксіз қызмет көрсетіп келеді.

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жылу желісінен 2022 жылы 6 ақау белгілі болса, былтыр желіден тағы 3 ақау табылған.
Осыған орай, Жамбыл облысы әкімдігі мемлекеттік сатып алу басқармасы тарапынан конкурс жарияланып, жеңімпаз деп танылған бас мердігер – "Сарыағаш-Аман" ЖШС, техникалық қадағалаушысы – "АДС Сапа" ЖШС және авторлық қадағалаушы "Институт "КазНИПИЭнергопром" АҚ-мен келісімшарттар жасалды. Құрылыс жұмыстары биылға жоспарланған, ұзақтығы – 9,5 ай.

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Аталған жұмыс жобасына сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстары ағымдағы жылдың 19 сәуірінен басталды.
Айта кетейік, құрылыс-монтаждау жұмыстары полиция органдарымен жол жабу келісілгеннен кейін ғана жүргізілді.

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгінгі таңда Төле би даңғылының Абай даңғылы мен Әйтиев көшесі аралығындағы бөлігінде орнатылған жылу құбырлары тиісті гидравликалық тексерістен өтіп, қайта көму жұмыстары жүруде.

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгінде қарқынды жүріп жатқан құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың 1 қазанына дейін аяқтау жоспарлануда.