Демалыс күндері Қазақстанда күн күркіреп, жаңбыр жауады, ауа температурасы 39 градусқа дейін көтеріледі

Алдағы күндері елімізде ауарайы қандай болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.07.2024 14:33 Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері Zakon.kz тілшісіне 2024 жылдың 20, 21 және 22 шілдесінде республика бойынша ауа райы қандай болатынын айтты. Мамандардың айтуынша, басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жел күшейеді.

Ауа райы болжамына сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде төмен атмосфералық қысым аясында өткінші қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Сонымен қатар, республиканың шығысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда бұршақ жауып, қатты жауын-шашын күтіледі.

"Күндіз ауа температурасы республиканың солтүстігі мен шығысында +20+28°С, оңтүстігінде +34+39°С, республика орталығында +25+33°С дейін көтеріледі деп күтілуде. ℃, оңтүстік-шығыста +30+38°С-қа дейін, ал елдің батысында +33+38°С дейін ыстық болады". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

Бұған дейін синоптиктер 19 шілдеде Астанада және Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жарияланғанын хабарлаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: