Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысының полициясы қылмыстық топтың мүшесін ұстады

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2024 12:55 Сурет: ҚР ІІМ
Осы жылдың 20 шілдесінде Алматы облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері алаяқтық жасаған қылмыстық топтың мүшесін ұстады.

Қазіргі уақытта қылмыстық факт облыстық полицияда тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Алматы облысы ПД жедел уәкілдеріне кәсіпкерлік қызметпен айналысатын 45 жастағы жергілікті тұрғыннан алдау арқылы белгісіз ер адамның 20 млн теңге көлемінде ақша қаражатын иемденгені туралы ақпарат келіп түскен болатын.

Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын өткізді, нәтижесінде Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында тәртіп сақшылары қылмыстық топтың мүшесі болатын 48 жастағы күдіктіні ұстады.

Қазіргі уақытта тергеудің толықтығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Ұсталған адам басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп, қамауға алынды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: