Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында полицейлер жылқы ұрлаған күдіктіні ұстады

Түркістан облысында полицейлер жылқы ұрлаған күдіктіні ұстады  , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2024 13:54 Сурет: primeminister.kz
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Келес ауданының полицейлері жайылымнан мал ұрлады деген күдікке ілінген жергілікті тұрғынды анықтады.

Нақтырақ айтсақ, полиция бөліміне аудан тұрғындарының бірі мал ұрлығы туралы арызданып, белгісіз біреу 700 мың теңге тұратын жылқысын жымқырып кеткенін хабарлады.

Тергеу барысында тәртіп сақшылары күдіктіні, Келес ауданының тұрғынын ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Ұрланған жылқы тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.

Қазіргі уақытта мал ұрлығы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция тергеу жүргізіп, болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: