Шымкентте ер адам мешітке мас күйінде кіріп, телефон ұрлаған

Шымкентте ер адам масаң күйде мешітке барып, телефон ұрлаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Күдікті қаладағы мешіттің бірінде екі бірдей азаматтың ұялы телефонын қолды еткен.
Тіпті кішкентай баланың қолындағы гаджетін алдап алып кеткен.
"Полиция оны мас күйінде кезекті рет ұрлық жасаған кезде ұстады. Тәртіп сақшылары телефондарды заңды иелеріне қайтарды". Шымкент полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бағлан Исатаева
Қазір ұсталған ер адамға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript