Маңғыстауда көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан мас күйде рөлге отырған ер адам бір жылға сотталды

Сотталды, Маңғыстау облысы, көлік, жүргізуші куәлігі, мас, ер адам, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2026 11:52 Сурет: pixabay
Маңғыстау облысында көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан алкогольдік масаң күйде көлік тізгіндеген ер адам сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау ауданының прокуратурасы 2026 жылғы 26 маусымда азамат Н. ағымдағы жылдың наурыз айында ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша алкогольдік масаң күйінде көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылғанын, сот шешімімен 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылғанын хабарлайды.

"Белгіленген тыйымға қарамастан, мамыр айының соңында азамат Н. көлік жүргізу құқығынан айырылсада қайтадан көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді".

Маңғыстау аудандық сотының үкімімен азамат Н. Қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды, сондай-ақ өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Сотталушы сот залында қамауға алынды.

Бұған дейін Түркіcтан облысында масаң күйде көлік тізгіндеген жүргізуші ұсталғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: