Жаңалықтар тізбегі
0

Көлік министрлігі кірме теміржол рельстерін мемлекет меншігіне беру туралы мәлімдеме жасады

Көлік министрлігі кірме теміржол рельстерін мемлекет меншігіне беру туралы мәлімдеме жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2024 12:46 Сурет: primeminister.kz
2024 жылғы 24 шілдеде ҚР Көлік министрлігі кірме жолдарды мемлекет меншігіне беру рәсімінің аяқталғаны туралы мәлімдеме жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

600-ден астам кірме теміржолы "Көліктік сервис орталығы" Акционерлік Қоғамының сенімгерлік басқаруына берілді. Кірме жолдарды техникалық пайдалану қағидаларының талаптарына сәйкес оларды жөндеп, қалыпқа келтіру жоспары бекітілді.

Қалыпқа келтіру жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Мәселен, шамамен 22 мың шпал, 42 мыңнан астам теміржол төсемі мен 3 мыңға жуық брус және басқа материалдар ауыстырылды.

Бұдан басқа, "TUVRheinland" халықаралық компаниясымен жасалған шартқа сәйкес "КСО" АҚ сапа менеджменті, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі жүйелері бойынша алғаш рет сертификатталды.

Естеріңізге сала кетейік, "КСО" АҚ акцияларының жүз пайыздық пакеті республикалық мемлекеттік меншікте.

Бұл компания жылжымалы құрамның өтуі, маневрлік жұмыстар, тиеу-түсіру, сондай-ақ жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолдарды ұсыну бойынша қызметтер көрсетеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: