Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбы атудан үздік спортшылар 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындалып жатыр

Жамбы атудан ҚР Ұлттық құрамасы дайындалып жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2024 16:06 Сурет: Жамбы атудан ҚР Ұлттық құрамасы
Алматы облысында қыркүйекте Астанада өтетін 5-Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жарыстарына қатысатын жамбы атудан ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны (ат үстінде садақ ату) өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Біз жыл басынан бері 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындалып жатырмыз. Бұл біз өткізетін оқу-жаттығу жиындарының үшінші кезеңі, алда-тағы бір кезең бар. Жаттығу жиынына біздің ең мықты спортшыларымыздың 2 құрамы қатысады. Қазір біз 70-80% дайынбыз, әлі де жұмыс істеу керек. Қазір біз жылқыларды спорттық дайындаумен де айналысамыз. Моңғолия, Араб елдері, Индонезия, Малайзия, Венгрия өкілдерін мықты қарсылас деп атай аламын" - деді жамбы атудан ҚР Ұлттық құрамасының бас бапкері Елдос Бадашев.
Жамбы атудан ҚР Ұлттық құрамасының бас бапкері , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2024 16:06

Сурет: Жамбы атудан ҚР Ұлттық құрамасы

Осылайша спортшылар күн сайын дайындалып, шеберліктерін шыңдауда.

Жамбы атудан ҚР Ұлттық құрамасы дайындалып жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2024 16:06

Сурет: Жамбы атудан ҚР Ұлттық құрамасы

"Біз күн сайын дайындаламыз, дайындық жоғары деңгейде өтіп жатыр. 5-Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында лайықты өнер көрсетіп, еліміздің намысын қорғаймыз деп сенемін", - деді жамбы атудан ҚР Ұлттық құрамасының мүшесі Ералхан Айкөз.
Жамбы атудан ҚР Ұлттық құрамасы дайындалып жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2024 16:06

Сурет: Жамбы атудан ҚР Ұлттық құрамасы

Еске салсақ, Жамбы ату республикалық федерациясы ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрамына кіреді.

Сонымен қатар, қауымдастық құрамына бәйге, көкпар, аударыспақ, садақ ату, құсбегілік, асық ату, теңге ілу, "JORYQ" және т.б. федерациялар кіреді.

Жамбы атудан ҚР Ұлттық құрамасы дайындалып жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2024 16:06

Сурет: Жамбы атудан ҚР Ұлттық құрамасы

Қауымдастықты белгілі кәсіпкер, меценат, "Altyn Qyran Foundation" қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов басқарады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: