Түркістан облысында туысының бұқаларын ұрлаған күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2024 13:52 Сурет: ҚР ІІМ
Сайрамдық полицейлер мал ұрлығына қатысты қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған 59 жастағы ер адамды анықтады.

Белгілі болғандай, 3 бас бұқасын ұрлаған жәбірленушінің туысы болып шықты.

Яғни ер адам материалдық пайда табу мақсатында туысының малы қайда болатынын жақсы білген соң тұрғын үйінен алыс орналасқан қорадан бұқаларын алып кеткен.

Содан бір бас бұқаны мал базарға сатып үлгерген.

Тәртіп сақшылары қолды болған 2 бас бұқасын айғақты зат ретінде тәркілеп, заңды иесіне қайтарды.

Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: