Теннистен Олимпиада жеребесі: қазақстандықтардың алғашқы айналымдағы қарсыластары анықталды

Теннистен Олимпиада жеребесі: қазақстандықтардың алғашқы айналымдағы қарсыластары анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2024 17:05 Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
2024 жылғы Париж Олимпиадасында үлкен теннистен жеребе тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина бірінші кездесуін румыниялық Критиан Жаклинге қарсы өткізеді. 

Юлия Путинцеваның қарсыласы - украиналық Марта Костюк. 

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Александр Бублик америкалық Тэйлор Фрицпен ойнайды. Ал Александр Шевченконың қарсыласы - чехиялық Якуб Меншик. 

Жұптық сындағы қазақстандық теннисшілердің қарсыластары:

Бублик/Недовесов (Қазақстан) – Попырин/Де Минаур (Аустралия)

Париж Олимпиадасындағы теннис бәсекесі 27 шілде мен 4 тамыз аралығында "Ролан Гаррос" стадионында өтеді. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: