Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі Қазақстанның қарсыластары анықталды

Футбол, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2022 17:55 Сурет: uefa.com
Франкфурт қаласында (Германия) 2024 жылғы футболдан Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне қатысты жеребе тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жеребеге 53 команда түсті, делінген УЕФА сайтында.

Германия Еуро-2024 қожайыны болғандықтан, бірден финалға жіберіліп іріктеу жеребесінен тыс қалды.

Жеребе тарту рәсімінде Қазақстан құрамасы H тобына түсті. Қарсыластары – Дания, Финляндия, Словения, Солтүстік Ирландия, Сан-Марино.

Құрамалардың топтарға бөлінуі төмендегіше:

А тобы: Испания, Шотландия, Норвегия, Грузия, Кипр,

B тобы: Нидерланд, Франция, Ирландия, Грекия, Гибралтар,

C тобы: Италия, Англия, Украина, Солтүстік Македония, Мальта,

D тобы: Хорватия, Уэльс, Армения, Түркия, Латвия,

E тобы: Польша, Чехия, Албания, Фарер аралдары, Молдова,

F тобы: Бельгия, Австрия, Швеция, Әзербайжан, Эстония,

G тобы: Венгрия, Сербия, Черногория, Болгария, Литва,

H тобы: Дания, Финляндия, Словения, Қазақстан, Солтүстік Ирландия, Сан-Марино

I тобы: Швейцария, Израиль, Румыния, Косово, Беларусь, Андорра,

J тобы: Португалия, Босния және Герцоговина, Исландия, Люксембург, Словакия, Лихтенштейн.

Айта кетсек, 2024 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңі 10 қалада өтеді: Берлин ("Олимпиаштадион"), Дортмунд ("BVB-стадион"), Дюссельдорф ("Дюссельдорф аренасы"), Гамбург ("Фолькспаркштадион"), Гельзенкирхен ("Ауф Шальке аренасы"), Кельин ("Кельн стадионы"), Лейпциг ("Лейпциг Стадиумы"), Мюнхен ("Мюнхен аренасы"), Франкфурт ("Франкфурт аренасы") және Штутгарт ("Штутгарт аренасы").

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: