Алакөлде дельтаплан құлады: Азаматтық авиация комитеті мәлімдеме жасады
Сурет: primeminister.kz
2024 жылғы 25 шілдеде Алакөлдегі оқиғадан кейін Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті мәлімдеме жасады. Демалыс орындарының бірінде дельтаплан апаттық жағдайда қонды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгін 2024 жылдың 25 шілдесінде Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Ақши ауылында сағат 17.15-те дельтаплан апаттық жағдайда қонды.
Екі адам зардап шекті.
"Қазіргі уақытта зардап шеккендер ауруханаға жеткізілуде. Осы авиациялық оқиға бойынша тергеу жүргізілетін болады".Азаматтық авиация комитеті
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript