Жаңалықтар тізбегі
0

Тұтынушыларды алдаған 600-ден астам қазақстандық компания жауапқа тартылды

Тұтынушыларды алдаған 600-ден астам қазақстандық компания жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.07.2024 09:49 Сурет: akorda.kz
Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің қызметкерлері алғашқы алты айда зардап шеккен қазақстандықтардың 24 441 өтінішін қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жалпы алғанда, Комитет қызметкерлері өткен жылмен салыстырғанда тексерулер санын алты есеге арттырды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

2024 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне 570 тексеру жүргізілді. Өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 620% құрады. 648 субъект әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 4 есе жоғары. Қабылданған шаралардың нәтижесінде тұтынушылардың құқығы 777 млн теңгеден астам сомаға қорғалды. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 189%-ды құрады.

Сауда және интеграция министрлігі азаматтардың мүддесін сенімді қорғау үшін инновацияларды белсенді түрде енгізіп, қоғамдық бірлестіктермен ынтымақтасады. "Сапалы Өнім" жобасы қазіргі экономикалық жүйеде өнім сапасына және тұтынушылардың құқығын қорғауға бағытталған. Тұжырымдама азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға, соның ішінде олардың кедергісіз қорғалу құқықтарының кепілдендірілген сақталуына бағытталған.

Зерттеуге сүт, кілегей, айран, май, күнбағыс майы, сүзбе, ірімшік, құс еті, балық еті және шұжық сияқты 681 өнім түрі кірді. Импорттық өнімді іріктеуді еліміздің барлық өңірлерінде 26 қоғамдық бірлестік жүргізді. Бұзушылықтар 405 түр бойынша анықталды (59,5%). Өнімдердің 337 түрі немесе бұзушылықтардың жалпы санының 83,2% бойынша таңбалау бөлігінде бұзушылықтар (мемлекеттік тілде тауар туралы ақпараттың болмауы және т.б.) анықталды.

Өнімнің 68 түрінің құрамы бойынша сәйкессіздік, жарамдылық мерзімі өткен тауарды өткізу, қажетті құжаттардың болмауы анықталды. 203-бап — құжатсыз сату, 425-бап — санитариялық-эпидемиологиялық нормалар саласындағы бұзушылықтар бойынша 139 Әкімшілік акт жасалды. Қалғандары жұмыс сатысында. Сондай-ақ өнімдердің 12 түрі бойынша Ақтөбе, Түркістан, БҚО, Жетісу және Ұлытау облыстарында сәйкестік декларациялары жойылып, тоқтатылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: